359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жекешелендіру: Жыл соңына дейін 87 нысан саудаға шығарылады

  • 143

Елімізде 13 ұлттық холдинг жекешелендірілді.

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы акциясының бір бөлігі жыл соңына дейін саудаға шығарылады. Ал «Қазақфильмді» жекешелендірілетін нысандар тізімінен алып тастауы мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы министрлігінің өкілдері мәлім етті. Ғалымжан Ибрагимовтың айтуынша, шілдеге дейін саудаға шығарылған 502 нысанның 421-і сатылған. Сату бағасы 216 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 29-ы республикалық меншіктегі нысандардың құны – 26 млрд теңге. Сондай-ақ 49 млрд теңгенің 229 коммуналдық меншіктегі және 163 ұлтттық холдинг нысаны бар. Жекешелендірілген нысандардың құны 1,4 пайызға артығымен бағаланған. Негізгі түсімнің басым бөлігі «Самұрық-Қазынаның» активтерін сатудан түскен. Жалпы құны – 132 млрд теңге. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті басшысының айтуынша, жыл соңына дейін тағы 87 нысан сатуға шығарылады.

Ғалымжан Ибрагимов, ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының м.а:

– Кешенді жоспардың 63 ірі нысандарының 15-сі 110,5 млрд теңгеге сатылды. Оның ішінде екеуі республикалық меншік, 13-і ұлттық холдинг нысандары.

Хабар 24 телеарнасы