352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық зағип жандар велосипедпен Парижге аттанады

  • 131
Қазақстандық зағип жандар велосипедпен Парижге аттанады

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар Астанадан қос доңғалақты көлікпен шығып, 6 мемлекет және 30 қала арқылы Парижге дейін жетуді көздеп отыр.

Осылайша олар Франция астанасына қыркүйек айының ортасына қарай жетеді. Веломарафонға қатысатын 12 отандасымыз 11 ірі шаһарда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен, спортшылармен және қоғамдық бірлестіктердің жетекшілермен кездесіп, халықтар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға өз үлестерін қоспақ.

Марат Панарин, веломарафон қатысушысы:

– Бес мың шақырым деп айтып отырмыз. Соның ішінде 4,5 мың шақырымды велосипедпен жүреміз. Өйткені Еуропаның кейбір жолдарында велосипедпен шығуға болмайды. Тек қана көлікпен. Сол үшін велосипедті көліктің үстіне қойып, сол жерлерді көлікпен өтіп шығамыз.

Хабар 24 телеарнасы