352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордалық кәсіпкер өнімдерін «Қазақстанның үздік тауары» байқауында ұсынды

  • 300
Қызылордалық кәсіпкер өнімдерін «Қазақстанның үздік тауары» байқауында ұсынды

Бәсекелестікке төтеп беріп, бастаған ісінің берекесін кіргізген сырбойылық кәсіпкерлер өз өнімдерін «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауында ұсынды.

Жаңа тұтынушы орта тауып, іскерлік байланыстар орнатуға арналған шараға қатысушы тауар өндірушілердің қатары жыл санап артып келеді. Мәселен, 2016 жылы 17, былтыр 22 кәсіпкер ниет білдірсе, биылғы бәсекеде бағын сынауға 34 іскерлік құрылым бел буған. Байқауды ұйымдастыруда айтарлықтай өзгерістер бар. Биылдан бастап облыс әкімдігі қаржыландыратын шарада қатысушыларды 1, 2, 3-орын деп дәрежесіне қарай бөлу алынып тасталды. Үш аталым бойынша 3 жеңімпаз анықталып, алдағы қазанда өтетін республикалық көрме-байқауына 9 кәсіпкерлік құрылым қатысады. Шарада номинанттардан бөлек аудан, ауылдардан келген 35 тауар өндіруші өз өнімдерін көпшілікке ұсынды. Қуантарлығы, кәсіпкерлердің барлығы «Бастау Бизнес» жобасы аясында білім жетілдіріп, кәсібін ашқан жандар.

Ғалымбек Жақсылықов, өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры:

- Бір қуантарлық жай осы 2018 жылы аймақта жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы болып жарияланды. Қоғамдық кеңес, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, облыстық мәслихат және өңірлік кәсіпкерлер палатасының ортақ шешімі. Жақында ғана осы жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы 3 жылға тағы созылды. Яғни 2018-19-20 жылға дейін.

Хабар 24 телеарнасы