352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да көмірді қымбаттатып отырған кімдер?

  • 104

Шығыс Қазақстан облысында көмірдің бағасын алыпсатарлар қымбаттатып отыр.

Сондықтан отынның осы түрін сататын орындар түгел тексеріледі. Мәселен, Өскемен қалысында бір тонна көмір 8800 теңге болса, алыс аудандарда 18 бен 20 мың теңгеге дейін шарықтап кеткен. Қолдан жасалған қымбатшылықтың жай-жапсарын аймақтағы Бәсекелестікті қорғау департементі анықтауға кірісті.

Қазір Өскеменнен 15 шақырым жердегі Бабровка ауылында бір тонна көмірдің құны – 18 мың теңге. Бұл – жекелеген тасымалдаушылардың   облыс орталығынан жеткізіп берудегі бағасы.

Людмила Старостенко, Бобровка ауылының тұрғыны:

- Көмірдің тоннасы – 8900, ал жеткізіп бергеніне мен маусым айында 12 мың теңге төледім. Кеше көршім тек тасымалға ғана 20 мың теңге төледі. Өткен жылы қыстай көмірге талас болған. Сондықтан биыл ерте алуға тырыстық.

Шығыс Қазақстан облысы жалпы бір қыста 3 миллион тонна көмір жағады. Өткен жылы қара күзден басталған көмір тапшылығы  көктемнің соңына дейін жалғасқан. Сондықтан биыл аймақтағы атқарушы билік ерте қимылдады. Бүгінге дейін жылыту орталықтары мен коммуналдық мекемелер қоймаларына 50 мың тонна көмір түсіріп үлгерді. Ал Қаражыр кен орны да жылдық көмір өндіру қуатын 1 миллион тоннаға дейін өсірген. Ол жерден тоннасы 4400 теңгеден сатылады. Алайда алыс аудандарға жеткенше қымбаттап кетеді.

Мұрат Мұсатаев, облыстық ТҮКШ басқармасының басшысы:

- Бағаның көтерілуі неден құралатынын сараптап қараймыз. Ол тұрақты деңгейде дәлелденетін болса, оны да қараймыз. Ол дәлелденбесе, пайда табу үшін болса, оған да шара қолданамыз. Ол іске асатын болады.

Көмірдің кеніштен сатылған құнынан бастап ең соңғы тұтынушыға дейін жеткізілген дейінгі бағасына өңірдегі монополияға қарсы департамент мамандары да мониторинг жүргізбек.

Қайрат Оразбаев, облыстық ТМРБҚ департаментінің басшысы:

- Біздің депратмент қала, аудан әкімідіктеріне жазбаша хат жіберді.  Көмірдің бағасы мен тасымал құнынын нақты бағасы қанша екенін білу үшін. Тасымалдаушылардың қандай негізге сүйеніп отырғанын  көреміз.

Облыстағы Табиғи монополияларды рерттеу департаменті тасымал  құнын қымбаттатып отырған аудандарды бақылауға алмақ. Ал жергілікті атқарушы билік өкілдері көмірді көптеп сататын кәсіпкерлермен бірігіп әрекет етпек. Оған қоса Өскеменге күніне қазір 20 вагон жеткізілсе, енді 40 вагонға дейін көбейтуді көздеп отыр. 

Авторлары: Олжас Керейхан , Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы