356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биылғы оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникул кезеңдері бекітілді

  • 340
Биылғы оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникул кезеңдері бекітілді Егемен Қазақстан

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес орта білім беру ұйымдарында 2018-2019 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникул кезеңдері.

  1. 2018-2019 оқу жылының басталуы – 2018 жылғы 1 қыркүйек;
  2. Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында – 32 оқу аптасы, 1-і сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11(12) сыныптарда – 34 оқу аптасы. Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.
  3. Оқу жылы барысындағы каникул кезеңдері:

1) 1-11 (12) сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2018 жылғы 29 қазан - 4 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2018 жылғы 31 желтоқсан - 2019 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 13 күн (2019 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда);

2) мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул – 7 күн (2018 жылғы 29 қазан – 4 қарашаны қоса алғанда), қысқы 14 күн (2018 жылғы 27 желтоқсан – 2019 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2019 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);

3) мектепалды даярлық сыныптары мен 1-сыныптарда 7 күн мерзімде (2019 жылғы 4-10 ақпанды қоса алғанда) қосымша каникул белгіленеді.

Ақпарат көзі: bilim.astana.kz

Хабар 24 телеарнасы