352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында Абай апталығы өтіп жатыр

  • 116

Павлодар облысында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың құрметіне арналған шығармашылық кештер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, концерттермен Абай

оқулары, қазақ классигінің еңбектері қамтылған кітап көрмелері өтіп жатыр. Кең ауқымды мерекелік шараларды бірінші болып, Аққулы ауданы бастап кетті. Жиналғандар қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаған дара тұлға Ұлы Абайдың ескерткішіне гүл дестелерін қойды. Ақынның шығармаларын насихаттайтын шаралар ауданда жыл сайын өткізіледі. «Абай оқулары»' ауыл оқушылары арасында зор қызығушылық тудырды. Патриоттық шараның биыл ауқымы кеңейе түсті.

Ғарифолла Есім, академик:

- Рухани жаңғыру деген осы енді. Осы жаңғырған Аққулы өңірінде бүгін Абай күндері өтіп жатыр. Бұл енді жетінші рет өтіп жатқан Абай күндері.Халық осы күнді тосады. Осындай бір мереке тамаша болып жатады.

Жұлдыз Темешова, кітапханашы:

- Ақырғы жылдарда осы біздің кітапханамызға көп жиіАбай Құнанбаевтың кітаптары түсіп жатыр. Сондай бір кітаптың бірі ''Қара сөзі '' деген кітаптар түсті. ''Абай тілі'' деген кітап түсті, бізге жаңадан ''Абай жолы'' түсті. Жастар өте қызығушылықпен оқиды. Оқушылар, үлкендер де сол.

Хабар 24 телеарнасы