352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Баянауыл ауданындағы зейнеткерлер таулы жерге көкөніс өсірді

  • 178

Баянауыл ауданының Теңдік ауылында алғаш болып, зейнеткерлер көкөніс өсірді. Бұл таулы жер.

Сондықтан ауыл халқы бақша салуға аса құлық танытпайтын. Десек те көкөністің сегіз түрін салған зейнеткерлер мұны жоққа шығарды. Екі гектар жерді алып жатқан бау-бақшадан қазір алғашқы өнім де жиналып жатыр.

Ауыл тұрғындары күмәнмен қараған көкөніс алқабы міне осы. Картоп, қияр, қызанақтан бастап, қауын-қарбызға дейін жайқалып өсіп тұр.

Алексей Андриеш, жұмысшы:

- Ауылда жұмыс табылғаны үшін  қуаныштымын. Бұл жерде біз қауын, қарбыз, қияр, басқада көкөніс түрлерін  өсіреміз. Ең бастысы таулы аймақта бақша өсіруге болатынын дәлелдеп отырмыз. 

Қазір шаруашылықта  жаппай қияр жинау науқаны жүріп жатыр. Тәулігіне 150 келі өнім жиналады. Ауыл тұрғындары әп-сәтте талап әкетеді. Артылғанын  ауданға жөнелтеді. Қуандық Бақбаевтың отбасы ауылда бақша салатын жалғыз шаңырақ. Үй ауласындағы шағын алқаптың көлемі еселеп өскен.

Қуандық Бақбаев, шаруашылық басшысы:

- Үш гектар жерді алды. Ең бірінші 1 гектарға салды. Биыл міне 3 гектарға салды. Картоп бар, жаңағы баклажаны бар. Балалардың ары қарай жалғастырып әкеткеніне өте қуаныштымыз. Әрі қарай істегеніне. Ауылдың тұрғындарының бәрі риза.Ауылдың тұрғындары таңқалады, Құдай-ау, ауылға да осындай жеміс шығады екен ғой дейді.

Ауылдың шетіндегі көкөніс алқабының аумағы қазір 2 гектарды алып жатыр. Онда  74 жастағы Қуандық ағаның ұлымен бірге тағы бірнеше ауыл тұрғыны жұмыс істейді.  

Ғалым Әлиев, Сәтбаев ауылдық округінің әкімі:

- Өте көп өнім беріп, Баянауыл көлемінде бірсыпыра азамат, азаматшаларды қамтамасыз етіп, одан кейін өзіміздің ауыл толық. Қаражар ауылы, Теңдік ауылы, Көкдоңбақ ауылдары мына Сәтбаев мектебіне көп көмек жасады.

Ауылдық округтің әкімі  Ғалым Әлиев көкөніс өсіріп отырған отбасына  жол бойынан  дәмхана ашуға  ұсыныс тастапты. Күрделі жөндеу жүріп жатқан  «Астана-Павлодар» автобаны Қарағанды облысымен байланыстырады. Бұрын жолдың жоқтығынан  жолаушылар бұл өңірге сирек ат басын бұратын. Қазір жағдай өзгерген. Әкімнің ұсынысын іскер азаматтар аяқсыз қалдырмаймыз - деп отыр. Бұл әрине келешек  жоспар. Негізгі жұмыс көкөніс алқабында жүріп жатыр.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Марат Игіліков

Хабар 24 телеарнасы