369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 639 жоба кепілдендірілген

  • 95

Елімізде кәсіпкерлік саласын цифрландыру жолға қойылып келеді.

Сала бағытындағы мемлекеттік қызметтер жыл соңына дейін толықтай автоматтандырылады. Бұл туралы Үкіметтің кезекті отырысында айтылды. Жалпы, елімізде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы тиімді жүзеге асып келеді. 24 млрд теңгенің 639 жобасы кепілдендірілген. Бағдарламаны орындауға соңғы 7 айда 180 млрд теңге жұмсалды. Мамандар бөлінген қаражаттан төленген салық 2,4 пайызға артқанын айтып отыр. Қазір моноқалалар мен ауылдық елді мекендерде 2 жылдан кейін салық төлеуге қабілетті кәсіпкерлерді қолдауға көңіл бөлінуде. Сондай-ақ көрсетілетін қызмет уақыты қысқарып отыр. Мысалы, субсидиялау шешімі 25 күн емес, 5 күнде шығатын болады. Ал грант иегерлері 48 күнде емес, 16 күнде белгілі болады. Келесі жылы ол шешім үш күнде дайын болады.

Хабар 24 телеарнасы