352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астаналық дәрігерлер ортопедиялық ауруларды операциясыз емдеуді үйреніп жатыр

  • 101

Созылмалы ауырсыну дертін операциясыз емдеу тәсілі. Жапондық дәрігерлер қазақстандықтарға неврологиялық аурулар мен ортопедиялық дерттерден арылуға көмектеспек.

Ол үшін Астанаға Күншығыс елінен заманауи құрылғылар жеткізілді. Аппарат нерв талшықтарына әсер етіп, оның жұмысын жақсартады. Жапониядан келген дәрігер Ирей Осамудың  айтуынша, астаналықтардың дені кеңсе қызметкерлері болғандықтан, ортопедиялық ауруларға шалдыққан науқастар жиі кездеседі. Сондықтан тізе, бел, омыртқа, мойында ауырсыну сезілген бойда емдік шараларға кіріскен жөн. «Салғырттық күрделі операцияға әкеп соғуы мүмкін», - дейді ортопед дәрігер.

Ирей Осаму, ортопед дәрігер (Жапония):

Ортопедиядағы кей ауруларды операциясыз емдеуге болады. Өйткені хирургияның да өз ауыртпалықтары бар. Сондықтан алдымен консервативтік тәсілдерге жүгініп көрген дұрыс. Ол үшін дертті асқындырып алмау қажет.

Хабар 24 телеарнасы