361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада көмекке зәру аналарға тігін машинасы тарту етілді

  • 156

Астаналық нәзік жандылар үшін тамаша тарту.

Қала әкімдігі мен Бірікке араб әмірліктерінің елшілігі бірлесіп қайырымдылық шарасын өткізді. Қосымша табыс тауып, әлеуметтік жағдайын жақсартуға ниетті 100 әйелге тегін тігін машиналары таратылды. Мұндай мемлекеттік қолдау, жастардың кәсіби біліктіліктерін арттырып, бәсекеге қабілеттіліктерін шыңдауға сеп болады. Ал бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі.

Балжан көптен күткен сыйлығын бірден сынап көрді. Жалғыз басты ана жұмыстан бос кезде іс тігіп, тапсырыс қабылдайды. Ескі тігін машинасымен аптасына бір қыздың жасауын жасайтын. Енді кәсібін кеңейтпек.

Балжан Тойғараева, жалғызбасты ана:

- Қасымда қызбен тігеміз. Жалғыз адамға қиын. Өйткені кешке келіп тігем. Енді қасымдағы қыз тіге береді мынаумен мен келгенше. Мен көктеу бәрін өзім істей беремін.

Бүтін бір отбасының қамы бір әйелдің мойнына артылған жағдайлар бүгінгі қоғамда аз емес. Шарасыз аналар әкімдікке барады, қайырымдылық қорларынан көмек сұрайды, мешіттен пана іздейді. Мұңын айтып келгендер мұқтаж жандардың тізіміне енеді. 

Жапал Долиев, Дін проблемаларын зерттеу орталығы басшысының міндетін атқарушы:

- Көбінесе өздеріңіз білесіз әйелдер қауымы хабарласып жатады. мемлекет тарапынан қандай қолдаулар бар, кәсібімді қалай кеңейтсем болады, жұмыс іздеймін, жұмыс тапқым келеді деп. Біз соларды әрқашан тізімге алып отырамыз. Сол тізімнің аясында біз тиісті мемлекеттік бағдарламалар біз соларға жіберіп бағыт бағдар беріп отырамыз.

Мұхаммед Ахмед Сұлтан Иса Әл-Джабер, БАӘ Қазақстандағы сенімді және өкілетті елшісі:

- Біз Қазақстанда бірнеше әлеуметтік жобаны іске асырудамыз. Олардың арасында, жетімдер үйінің құрлысы, бірнеше білім беру жобалары бар. Бүгінгі шарада, біздің Қазақстан халқына жасаған тартуымыз.

Жыл басынан бері елорда әкімдігі жұмыссыз жүрген жастар үшін кәсіби дайындық курстарын ұйымдастырды. 700-ге жуық адам жаңа кәсіп үйренді. Оқу барысында оларға күнделікті 16 мың теңге шәкіртақы да төленді. Біліктіліктерін шыңдаған жастарға, жұмысқа орналасуға да көмек беріледі.

Хабар 24 телеарнасы