361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бас прокуратура көмір бағасының өсу себебін тексереді

  • 129
Бас прокуратура көмір бағасының өсу себебін тексереді

ҚР Бас прокурорының тапсырмасымен халықтық құқығы мен мүддесін қорғау мақсатында көмір өндіру және оның айналымы саласындағы заңдылықтың жай-күйіне сараптама жүргізіледі.

«Бас прокуратураға көмір саудасы саласындағы жекелеген нарық субъектілерінің тарапынан басым және монополиялық жағдайды асыра пайдалануы, олардың бәсекеге қарсы әрекеттер жасауы, көп деңгейлі делдалдық құрылымдарды пайдалануы, соның салдарынан қатты отын құнының көтерілуі туралы ақпарат түсіп жатыр»,-  деп атап өткен ведомство. Таратылған ақпаратқа қарағанда нарықтың ортан қол субъектілерінің ымыраласу фактілерін анықтау және жолын кесу жұмыстары басталып кетті.

«Бұған қоса облыс прокурорларына жылу беру маусымы қарсаңында және кезінде көмір бағасының бағалаусыз және негізсіз өсуіне жол бермеуді қамтамасыз ету тапсырылды», - делінген Бас прокуратура берген ақпаратта.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы