356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында той үстінде оқ атқандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • 115

Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шалқар аудандық ішкі істер бөлімінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Үйлену тойы кезінде көл жағасына қыдырып барған жастар аңшы мылтығымен аспанға бірнеше рет оқ атқан. Куәгерлер түсірген бейнежазба әлеуметтік желіде таралып кеткен. Полицейлер қаруларды тәркілеп, сот баллистикалық сараптамаға жіберді.

Ерболат Сарқұлов, облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Осы оқиға бойынша Шалқар ауданы ІІБ-мен ҚР ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық ісі бойынша 14.08.2018 жылы 1996 жылы туған шалқарлықтың 16 калибрлі Иж-К маркалы аңшы мылтығынан оқ атқаны анықталды. Қару заттай дәлелдеме ретінде тәркіленді.

Хабар 24 телеарнасы