369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мұнай-сервис компанияларында оңтайландыру жобасы басталды

  • 227

Былтырдан бері «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қарасты 5 мекемеде оңтайландыру жобасы басталды.

Бұған еңбекке жарамдылық пен жұмыс көлемінің төмендеуі, қаржылай шығынның көбеюі себеп. Компания соңғы 4 жылда мұнай-сервис өндірісі шығынын өтеуге 120 млрд теңгеден астам қаржы жұмсаған. Тың бастама бүгінде оң нәтиже беріп отыр.

«ҚазМұнайГазға» еншілес «OilConstructionCompany» оңтайландыру жобасын алғаш қолданған серіктестіктің бірі. Биыл 1,5 млрд теңгедей таза табыс көріп отыр. Сұраныс төмен мамандар қайта оқып, өзге бөлімшелерге жіберілген. Кейбір қызмет түрі жеке фирмаға ауысты. Нәтижесінде еңбек өнімділігі артып, жұмысшылар үшін қолайлы жағдай жасалды.

Серік Әбденов, «Oil Construction Company» ЖШС бас директоры:

-Шығын көздерін белгіледік. Ұжыммен ақылдастық, үлкен жұмыс өткізілді. 300-ден артық азаматты былтыр оқудан өткіздік. Біліктілігін арттырдық, басқа мамандыққа оқыттық. 1 қаңтардан бастап «КМГ» бір теңге көмек алып отырған жоқпыз. Біздің мекеме бойынша орташа жалақы 545 мың теңге.

Жобаға сәйкес серіктестік қызметкері өтемақы алады. 2,5 еңбек жылының толық жалақысы орта есеппен 7-9 млн теңге. Бұл қаржы несие жауып, жеке іс бастауға, пәтер алуға жетеді. Өтемақысын кәсіп ашуға жұмсаған азаматтың бірі – Арыстан Әлібек. Ол мекемеде 10 жылдан астам қызмет еткен. Қазір мал бордақылау және сою цехы мен қонақүй салып, табыс тауып отыр.

Арыстан Әлібек, кәсіпкер:

- Екі салада бірге қиын болды. 5/50 бағдараламасымен жұмысымды аяқтап, өзіме тиісті қаражатымды алып осы кәсібіме үлесімді қостым. Қазіргі таңда қоластыма 20 жұмысшы бар. Жұмысымыз жүріп жатыр.

Оңтайландыру жобасы әзірге «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-на қарасты бес серіктестікте жүзеге асуда. Нәтижесі де жақсы. Қазір бұл мекемелер ешқандай демеу қаржы алмай, шығынын өздері өтеп жатыр. Материалдық база нығайып, озық технологиялар алына бастады. Ал қызметінен босаған мамандар өтемақы алып, игілігіне жаратуда.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев

Хабар 24 телеарнасы