352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сыр өңірінде үш аудан орталығы газдандырылады

  • 122
Сыр өңірінде үш аудан орталығы газдандырылады

Қызылорда облысындағы аудан орталықтарын газдандыру жалғасуда.

Алдағы екі жылда Жосалы, Жалағаш және Тереңөзек кенттері көгілдір отынға қосылмақ. Бұған дейін Бейнеу-Бозой-Шымкент магистральды газ құбырына Арал, Қазалы, Шиелі және Жаңақорған аудандарының орталығы мен Байқоңыр қаласы қосылған болатын. Бүгінде Жосалы кентіндегі автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Ал Сырдария және Жалағаш аудандарынан салынатын автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысына 1,2 миллард теңге қаржы бөлінген. Бұған қоса Қызылорда қаласының сол жағалауын газдандыру жобасы бойынша да құрылыс жұмыстары жалғасуда. Мамандар көгілдір отын тартылмаған қала іргесіндегі елді мекендер мәселесін де кезең-кезеңімен шешуді жоспарлап отыр.

Ерлан Жоламанов, облыстық энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары:

- Қаланың маңайындағы елді мекендерді де сол алаңдатады. Қасымыздан газ құбыры өтіп жатыр. Ондай да жоспарымыз бар. 130 млн теңгеге алдын ала есептеулерін жасап қойдық. Қарауылтөбе, Досан, Абай елді мекендерінде. Көп қаражат қажет етпейді. Жобаның құны 300-400 млн теңгенің шамасында болса, оны енді алдағы уақытта жергілікті бюджеттен де шешудің жолдарын қарастыратын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы