352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Құрбан айт кезінде ірі қара малды 7 адам бірігіп шалуына болады

  • 247

Құрбан айт. Бұл күні мешіттерде таңсәрімен намаз оқылып, Алла разылығы үшін құрбандық малы шалынады.

Ибраһим пайғамбар заманынан келе жатқан діни шара кезінде шамасы жеткен мұсылманға Жаратқанның жолында құрбандық шалу шарт. «Құрбан» сөзі араб тілінен аударғанда «жақын болу», «жақындау» мағынасын білдіреді. Демек, үш күн айтта адам баласының өз Жаратушысына барынша жақындай түсуіне, айттап, туыстық қарым-қатынасты арттыруына мүмкіндігі мол. Атап өтейік, тамыздың жиырма бірінде басталған айт үш күнге ұласады.

Әділхан Серікбай, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы:

- Құрбан айтында құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе шалынады. Қой мен ешкіні бір кісі шалса, сиыр мен түйені 7 кісі бірігіп шалады. Қой, ешкі малдары бір жастан асқан болса құрбандыққа жарайды. Ал сиыр екі жастан, түйе 5 жастан асқан болуы керек. Осы сиыр мен түйені 7 кісі бірігіп шалады.

Хабар 24 телеарнасы