352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматылық ғалымдар үкіметке жаңа әліпбиге өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жіберді

  • 176

Қазақ әліпбиінің жаңа ережелері тағы да тіл білімі мамандары мен ғалымдар арасында кеңінен талқыланды.

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жаңа ереже бойынша өңірлерде жүргізілген апробациялық жұмыстардың нәтижесі жария етілді. Латын әліпбиіне негізделген қазақ тілінің жаңа емле ережелеріне қатысты ұйымдастырылған шаралардың нәтижесінде сөз таптары мен қысқарған және кірме сөздер сияқты лингвистикалық проблемалар толық ескерілген. Әліпбидің дыбысталуы мен оның таңбалануына қатысты құрастырылған жаңа ереже 150 баптан тұрады. Ғалымдардың айтуынша, оның негізгі құрылымында бұрынғы кирилл әліпбиіндегі ережелер сақталған. Алайда сауалнама нәтижесіне байланысты бірқатар толықтыру енгізілген.

Құралай Күдерина, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО бөлім басшысы, ф.ғ.д., профессор:

- Әсіресе екі әріппен, СН-пен берілетін ш әріпіне, сондай-ақ Ы мен У әрпінің таңбасы бір болып кетеді де, бірі акутпен бірі акутсыз У-мен беріледі. Соған ұсыныс өте көп түсті, сондай-ақ І мен нүктесіз И-ді беретін таңба бар ғой, сол үш-төрт таңбаға қатысты жаппай ұсыныс-пікір келіп түсті деуге болады. Ендеше бұл жайдан-жай емес, бұл ертең проблема тудырады. Сондықтан біз орфографиялық әдістемелік жұмыс тобының қорытындысы ретінде үкіметке әліпбиге өзгеріс енгізу туралы ұсыныс беріп отырмыз.

Ербол Тілешов, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО атқарушы директоры, ф.ғ.к.:

- Ақылдасып, негізгі жобалық нұсқамыз мақұлданғаннан кейін біз Қазақстанның барлық ЖОО-дағы Қазақ тілі кафедраларына, «Өрлеу»  біліктілігін арттыру республикалық білім орталығы бар, оқулық орталығы бар, Ы.Алтынсарин атындағы білім академиясы бар, сосын өңірлік білім басқармалары бар, соның бәріне осы емле ережелердің мәтінін жолдап, олардың да келісімін алатын боламыз. Яғни бұл талқылау ғылыми ортада да, әлеуметтік ортада да, салалық мамандар ортасында да үшжақты жүргізілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы