361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде пара алды деген күдікпен екі мемлекеттік қызметкер ұсталды

  • 139
Елімізде пара алды деген күдікпен екі мемлекеттік қызметкер ұсталды

Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің аға офицеріне алаяқтық жасады деген айып тағылды.

Ол делдал арқылы бір жарым миллион теңге алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі хабарлады. Ақша оған бюджет қаражатын ұрлау туралы қылмыстық іс тоқтатылды деген сылтаумен серіктестіктің бас бухгалтерінен түсуі керек болған. Аталған істі офицердің өзі қарамаған. Күдікті кінәсін толық мойындағанына байланысты қамауға алынған жоқ. Сонымен қоса Атырау облысының мемлекеттік қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді. Осы ведомствоның мәліметінше, ол браконьерлерден пара ретінде 400 мың теңге мен бекіре тұқымдас балық алған болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы