352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада кәмелетке толмағандардың қатысуымен 63 жол-көлік оқиғасы болды

  • 112

Жыл басынан бері елордада кәмелет жасына толмағандардың қатысуымен 63 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Салдарынан 3 бала көз жұмып, 60 шақты жеткіншек түрлі дене жарақатын алған. Жазатайым жағдайдың алдын алу үшін қаладағы мектептердің маңында орналасқан жол белгілері жаппай тексеріледі. Ескіргендері жаңартылып, арнайы белгілер қойылады. Бұл іске қазір оқушылардың өзі жұмылдырылып жатыр. Мұның бәрі бүгін басталған «Қауіпсіз жол» акциясының аясында атқарылады. Атап өтейік, игі шара бір айға ұласпақ.

Әсел Мұқанова, әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту қоры басшысының орынбасары:

- Астана қаласы бойынша ІІД, білім басқармасымен бірлесіп қоғамдық рейд жасауға шықтық. Егер бір олқылықтар болып жатса, оны тиісті құзыретті орындарға береміз.

Хабар 24 телеарнасы