352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында мектеп табалдырығын 17 мыңға жуық бүлдіршін аттайды

  • 201
Ақтөбе облысында мектеп табалдырығын 17 мыңға жуық бүлдіршін аттайды

Биыл Ақтөбе облысында 17 мыңға жуық бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды екен.

Жалпы өңірде 139 мың оқушы бар. Негізінен облыс орталығында шоғырланған. Сондықтан шаһарда үш ауысымды мектептер әлі де болса кездеседі. Дегенмен құрылыс қарқыны бұл мәселені шешуге мүмкіндік жасап отыр. Бұған дейін 21 оқу ордасында оқушылар 3 кезеңмен білім алса, биыл ашылған жаңа білім беру нысандары 7-ге азайтуға мүмкіндік берген. 64 мектеп ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыстық білім беру басқармасының өкілдері ақтөбелік мектептер жаңа оқу жылына сақадай сай дайын екендігін жеткізді.

Ләззәт Оразбаева, облыстық білім басқармасының жетекшісі:

– Үш ауысымдық 21 мектеп бер. 14 мектептікі қазір шешілейін деп отыр. Сол сияқты облыс бойынша 26 құрылыс жүріп жатыр. Келесі жылы тағы да жетіге жуық құрылыс басталады деп күтілуде. Енді осының барлығын келесі жылғы мектептерді қосқан кезде апатты, үш ауысымды мектептерді жабатын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы