352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматылық өнертапқыш көзі нашар көретін жандарға арнап қосымша ойлап тапты

  • 200

Көз жанары суалған және нашар көретін жандар енді кез келген мәтінді оңай оқи алады.

Любовь Дудченко есімді алматылық жас арнайы қосымша ойлап тапты. 16 жастағы өнертапқыштың жобасы Қытайда жасөспірімдер арасында өткен ғылыми-техникалық байқауда жүлделі орынға ие болған.

«Қосымшаның жұмыс істеу принципі өте қарапайым», – дейді Люба. Оның көмегімен кез келген терілген мәтін дыбыстық жазбаға немесе брайль таңбасына ауысады. Әлемде мұндай бағдарламалар бар. Алайда Любаның жобасы пайдалану қарапайымдылығымен ерекше. Сондықтан оны шетелде жоғары бағалаған.

Любовь Дудченко, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:

- Болашақта жаңа технологиялар жасаумен айналысқым келеді. Бәлкім өз компаниямды ашатын шығармын. Жобаларым мүмкіндігі шектеулі жандарға арналады. Оларға заманауи технологияның көмегімен көмектескім келеді.

Дәнекерлеуші аспап пен мультиөлшегіш – робот жасаудағы негізгі құралдар. Олармен жұмыс істеуді меңгерген жасөспірім құрылғының техникалық бөлігіне жауапты. Ал жобаны таныстыру – Селимжан Чалышканның міндеті.

Селимжан Чалышкан, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:

- Жобамен күні-түні айналысатын кездер болады. Ондайда маңызды мәселелерді де екінші орынға ысырып қоямыз. Жұмысың нәтижелі болы үшін оған жан тәніңмен беріліп істеу керек.

«Болашақты бүгіннен бастап жоспарлау керек», – дейді Любовь Дудченко. Оның инновациялық қоржынында ондаған идеялар мен дайын жобалар бар. Қазір ол телефонға арналған жаңа қосымша жасаумен айналысып жүр. 

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Анастасия Вылегжанина, Эдуард Кон

Хабар 24 телеарнасы