359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда салонға қарақшылық жасау оқиғалары жиілеген

  • 69
Павлодарда салонға қарақшылық жасау оқиғалары жиілеген

Павлодардың тәртіп сақшылары көлік салонын ашық қалдырмауды өтінеді.

Соңғы кездері жеңіл көлікті ұрлап кету мен салонға қарақшылық жасау оқиғалары жиілеп кеткен. Осыған орай учаскелік және жол-патрульдік полициясы қызметкерлері үй аулаларын аралап, көліктердің есік-терезелерін жабуды ұмытып кететін тұрғындарға ескерту қағаздарын таратты. Бір тәулікте полицейлер ашық қалған 21 жеңіл көлікті анықтапты. Құқық қорғаушылар жүргізушілермен әңгіме барысында  салғырттыққа салынбауды еске салады. Ал көлігінің жанынан табылмағандарға ақпараттық қағаздар қалдырады.

Ренат Шәріпов, қалалық ІІБ жол-патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары:

- Біздің қаламызда салонға ұры түсу оқиғасы артып отыр. Қазір рейдтік шара өткізіп жатырмыз. Үйлерді аралап, жекеменшік актокөліктерді тексереміз. Тексеру жүргізген бір тәулік ішінде үй аулаларында 15-20 көліктің ашық қалғанын анықтадық. Жүргізушілер көлікті  оталдыратын кілтімен бірге қалдырып кетеді. Өздері көлік қауіпсіздігіне алаңдамастан жайбарақат үйлерінде отырады.

Хабар 24 телеарнасы