352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жетісудағы мектептерде кадет сыныптары ашылды

  • 140
Жетісудағы мектептерде кадет сыныптары ашылды

Алматы облысындағы 4 жалпы орта білім беретін мектептің базасында кадет сыныптары ашылды.

Аталған білім ошақтарының екеуі Талдықорған қаласында болса, қалған екеуі Іле ауданында орналасқан. Онда 12-13 жастағы оқушылар қабылданды. Жас жеткіншектер қазақ және орыс тілінде білім алады. Кадет сыныбының оқушыларына заңгерлік білімі бар тәжірибелі мамандар да сабақ береді. Жастар алғашқы әскери дайындық пен жол қозғалысы ере­­жесін де меңгереді. «Кадет сыныптарының ашылуы өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, олардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға жол ашады», – дейді мамандар.

Серік Үпиев, облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі:  

- Қазіргі таңда облысымыздағы жалпы орта білім беретін 4 мектеп қабырғасында 5 кадет сыныбы жұмыс жасауда. Алғашқы кадет сыныбы Алматы облысының Іле ауданындағы Өтеген батыр ауылында 2017 жылы ашылды. Бұл пилоттық жоба өзінің оң нәтижесін берді. Осыған орай өңірде кадет сыныптарын ашуға халық тарапынан сұраныс артты. Алматы облысы тұрғындарының тарапынан кадет сыныптарын ашу туралы ұсыныстар түсті.

Хабар 24 телеарнасы