352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада санитарлық авиация қызметі жетіле түсті

  • 194

Соңғы 1,5 жыл ішінде Сыр өңірінің санитарлық авиация қызметі айтарлықтай серпілді.

Жаңа форматқа көшу арқылы технологиялық тұрғыдан жетіліп, медициналық қызмет сапасы артты.

Бүгінде облыстағы санитарлық қызметтің барлық автокөліктері GPS құрылғыларымен жабдықталған. Бұл құрылғы реанимобильдердің қозғалысын бақылап қана қоймай, межелі жерге жедел жетуге мүмкіндік ашып отыр. Сонымен қатар екі жылдан бері өңірде санавиация қызметі мен жедел жәрдем станциялары біріктірілген болатын. Әзірге пилоттық жоба ретінде жүзеге асқан жаңа жүйе аясында оқыс оқиғалар мен жол-көлік апаттары кезіндегі адам өлімі көрсеткіші 38 процентке дейін кеміді.

Мамандар қызмет сапасының артуына соңғы үлгідегі реанимобильдердің де септігі тигенін айтады.

Жыл басынан бері бұл қызмет түріне мыңнан астам шақырту түскен. Оның ішінде 80-нен астам жедел көмекке әуе көліктері арқылы аттанған. Бүгінде облыстағы санавиация қызметінде екі ұшақ және 1 тікұшақ бар.

Авторы: Нұрлан Жақыпбеков

Хабар 24 телеарнасы