352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміз 2021 жылға қарай толығымен цифрлық хабар таратуға көшеді

  • 227

Елімізде 2021 жылға қарай толығымен цифрлық хабар таратылады.

Осылайша қала тұрғындары ғана емес, шалғай елді мекендегі жерлестеріміз де телеарналарды жоғары сапада тамашалай алады. Үкімет үйінде өткен жиын барысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осылай деді. Оның айтуынша, бүгінде 827 радио мен теледидар стансасын салу және жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың 356-сы іске қосылса, жыл соңына дейін тағы 200 станцияның жұмысы аяқталады.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

– Осы стандартқа толық ауыссақ, қазақстандықтар облыс орталықтары деңгейінде 30-ға жуық телеарнаны, ауыл және аудан орталықтарында 15-ке жуық отандық телеарнаны жоғары сапада тамашалай алады. Осылайша 2021 жылы осы жұмысты толық аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Биыл Маңғыстау, Жамбыл және Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы цифрлық хабар таратуға көшеді. Ал келесі жылы олардың қатарына Алматы, Павлодар және Қостанай облыстары қосылады. Жоспар бойынша 2020 жылы Шығыс және Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Атырау мен Қызылорда облыстары жаңа форматқа ауыспақ. Ал 2021 жылы Батыс Қазақстан, Ақмола және Ақтөбе облыстары, Астана мен Алматы қалаларына цифрлық жүйе енгізіледі.

Хабар 24 телеарнасы