359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкент қаласы Түркістанның құрылысына атсалысады

  • 131
Шымкент қаласы Түркістанның құрылысына атсалысады

Түркістан шаһарының дамуына Шымкент қаласы да атсалысатын болады.

Бүгін өңір әкімі Жансейіт Түймебаев пен Шымкент шаһарының басшысы Ғабидолла Әбдірахымов арнайы меморандумға қол қойды. Шымкенттен келген делегацияға Түркістан қаласының даму тұжырымдамасы таныстырылды. Осы айдың соңында рухани астананың бас жоспары бекітіліп, жаппай құрылыс басталады. Яғни 20-дан астам қонақүй мен 200-ге жуық сауда орны мен бірнеше мәдени орталық салынады деп жоспарланып отыр. «Бұл өз кезегінде қаланың экономикалық дамуын арттырып, кәсіпкерліктің кең етек жаюына жол ашады», – дейді аймақ басшысы.

Жансейіт Түймебаев, облыс әкімі:

- Осында қолдау білдіріп отырған кәсіпкерлерге алғысымды білдіргім келеді. Мәселен, облысқа белгілі кәсіпкер азамат бес жұлдызды қонақ үй салатын болды. Сонымен қатар түркиялық кәсіпкерлер де ойын-сауық орталығы мен бес жұлдызды қонақ үй салуға ниет танытып отыр. Тағы бір өзіміздің кәсіпкер жігіт үлкен спорт кешенін салуға ықылас білдірді. Сол сияқты іскер азаматтарды қаланың көркеюіне атсалысуға шақырамын.

Хабар 24 телеарнасы