352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кенді Алтайдың орталығына 298 жыл толды

  • 123
Кенді Алтайдың орталығына 298 жыл толды

Өскемендіктер қала күнін атап өтті.

Облыс орталығының 298 жылдық мерекесін тойлауға жиналған шаһар жұртшылығы қисапсыз көп. Өнер ұжымдары концерттік бағдарламаларын ұсынса, облыс шаруалары «Күзгі тарту» атты ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізді. Жұрт асыға күтетін дәстүрлі «Бал фестивалі» де көпшіліктің көңілінен шыққаны анық. Өйткені өлкеде балға деген сұраныс жоғары. Мамандардың айтуынша, облыста жылына 2 мың тонна бал өндірілсе, соның тең жартысы экспортталады, ал қалғанын жергілікті тұрғындар тұтынады. Фестивальға Қатонқарағай, Зырян, Глубокое, Күршім, Үржар сынды аудандардан 70 тонна бал және бал өнімдері жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы