352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

МСҚ жыл басынан бері медицина ұйымдарына 497,5 млрд теңге төледі

  • 88
МСҚ жыл басынан бері медицина ұйымдарына 497,5 млрд теңге төледі ERNUR.KZ

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жыл басынан бері Қазақстандағы медицина ұйымдарына 497,5 млрд теңге көлемінде қаржы бөлді.

Бұл туралы МСҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ботагөз Жақселекова хабарлады.

Айтуынша, аталған қаржы кепілдендірілген көмек шеңберінде халыққа тегін қызмет көрсеткен емдеу мекемелеріне 6 қыркүйекке дейін аударылған. «Бұл – кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 65%-ы», - деді Ботагөз Жақселекова. 

ТМККК және МӘМС пакеттерінің қаржылық операторы болып саналатын қор емдеу мекемелерімен ТМККК пакеті шеңберінде халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 768,4 млрд теңге.

«Жұмыс кестеге сай медициналық қызмет сапасын бақылаудың жаңа талаптарына сәйкес жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді Б.Жақселекова.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда қор мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетуге ниет білдірген 1365 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 623-і – жекеменшік клиникалар. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салыстырғанда 158-ге көбейген. Ал олармен бекітілген келісімшарт сомасы өткен жылғыдан 2 есе артып, 110,6 млрд теңгені құрады.

Хабар 24 телеарнасы