359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды мен Теміртау арасындағы жол қабаты жарылып жатыр

  • 121

Қарағанды мен Теміртау арасындағы көлік магистралі жоба бойынша биыл аяқталып, қараша айында тапсырылуы тиіс болатын.

Алайда жол бетіне төселген бетон қабаты жарылып, жұмыс тұралап қалған. Айта кетейік, алты жолақты 16 шақырымдық жолды құрылысшылар екі жыл бойы салған. Мердігерлер барлық талапты сақтағандарын айтады. Ал жол сапасын қадағалайтын мекеме әзірге оның неліктен жарылғанын дөп басып айта алмай отыр. «Ол үшін әуелі георадармен сканерлеу керек», – дейді мамандар. Тек содан кейін ғана қорытындысы дайын болмақ. Ал жол құрылысының созылуы жүргізушілердің наразылығын туғызып отыр. Себебі жол апаттары жиілеп кеткен.

Руслан Лазута, қоғам белсендісі:

– Бұл саланың жұмысына қатаң бақылау болмайынша, жол сапасы жақсармайды. Республикалық маңызы бар жолдарды қабылдап алатын комиссия құрамына міндетті түрде қоғам белсенділерін немесе үкіметтік емес ұйым өкілдерін қосу керек. Ал олар құрылыс басталған күннен бастап жұмыс барысын қадағалап отыруы қажет.

Хабар 24 телеарнасы