361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-дағы дәрігерлердің қызметтік үйлерінен қуылу мәселесі шешімін тапты

  • 119
СҚО-дағы дәрігерлердің қызметтік үйлерінен қуылу мәселесі шешімін тапты

Осыдан бірнеше апта бұрын арнамыздан Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Мамлютка қаласында дәрігерлер қызметтік үйлерінен қуылып жатқаны жайлы көрсетілген болатын.

Ауданға арнайы шақыртумен келген бірнеше маманды әкімдік сотқа беріп, баспаналарды босатуды талап еткен еді. Енді бұл түйткіл шешімін тапты. Дәрігерлер тұрып жатқан үйлерді аудандық аурухананың меншігіне өткізу жұмыстары басталды. Ал аудандық әкімдік тарапынан сотқа берілген шағым қайтарып алынды. Бұл туралы біздің тілшілерімізге Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы хабарлады.  

Тимур Сұлтанғазиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Бұл жақсы жаңалық деп айтуға болады. Біздің сол жақтағы тұрып жатқан үш үйдегі дәрігерлеріміз ары қарай тұра береді. Сәйкесінше, барлық құжаттары дұрысталған. Келісімшарттар осы жылдың тамыз айы бойынша бекітілген.

Хабар 24 телеарнасы