352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда жыл басынан бері балалардың қатысуымен 32 жол апаты тіркелген

  • 92

Батыс Қазақстан облысында соңғы 8 айда балалардың қатысуымен 32 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Өкінішке орай, 3 бірдей бүлдіршіннің өмірі жол бойында үзіліп, 34-і түрлі дәрежеде дене жарақатын алған.  Мамандардың айтуынша, бұл ретте балалармен жүргізілетін алдын алу шараларының маңызы зор. Жаңа оқу жылының басталуына байланысты қазір жергілікті полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілер өтетін тұстарда түсіндіру жұмыстарын жүргізуге кірісті. «Абайлаңыз – балалар!» атты жедел алдын алу акциясы аясында оқушыларға жолда жүру ережелері жазылған жадынамалар таратылды. Еріктілер тобы шәкірттердің киіміне тағылатын арнайы жарық жолақтарын үлестірді. Бұл тәуліктің қараңғы мезгілінде жүргізушілерге үлкен көмек екен. 

Гауһар Қарамеңова, Орал қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің инспекторы:

- Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері болып жүргізушілердің жол ережесін өрескел бұзуы болып табылады. Оның ішінде жолдың қарама-қарсы жағына шығуы, сондай-ақ жылдамдықты шамадан тыс арттыруы немесе көлік құралын мас күйінде басқаруы болып табылады.

Алмас Мұқанов, С.Сейфуллин атындағы облыстық мектеп-интернат кешенінің директоры:

- Бұл өте маңызды, ең бірінші ата-үшін, мектеп үшін біздің балаларымыздың қауіпсіздігі. Сондықтан ерте жастан бастап осы жол ережелерін білулері тиіс. Өте керемет бағдарлама әзірлеген екен. Осы бағдарлама біздің бағдарлаа абіздің мұғалімдерге оңай болушы еді, әр түрлі жас ерекшеліктері ескерілген.

Хабар 24 телеарнасы