369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында құрылыс қарқыны төмендеді

  • 66
Павлодар облысында құрылыс қарқыны төмендеді

Павлодар облысында құрылыс саласының көрсеткіштері мәз емес. Нақтыласақ, үй салу көрсеткіші 14 пайызға төмендеген.

Сегіз айдың қорытындысы бойынша ірі құрылыс нысандарына бөлінген қаражат тиісті мөлшерде игерілмеген. Мәселен, Ақсу мемлекеттік электростанциясын жаңғыруға 64 млрд теңге көлемінде инвестиция құйылған. Ал тұрғын үй құрылысына келетін болсақ, жоспар 12 мың шаршы метрге кеш орындалып жатыр. Мамандардың айтуынша, үй салу жұмыстарының тежелуіне жекеменшік компаниялардың бейқамдығы себеп.

Рүстем Раисов, облыстық құрылыс басқармасының басшысы:

- Тоғыз айдың қорытындысы бойынша оң динамикаға шығамыз. Төмендеп кеткен көрсеткіштер бойынша сараптама жасап, тиісті жұмыстарды қолға алдық. Нәтижесінде құрылыс саласында өсім байқалады. Жыл қорытындысы бойынша көрсеткіштер 101 пайыздан асады.

Хабар 24 телеарнасы