USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



«АрселорМиттал Теміртау» жұмысшылары үшінші деңгейлі күйік алған

  • 199
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
«АрселорМиттал Теміртау» жұмысшылары үшінші деңгейлі күйік алған

Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық комбинатында болған жарылыстан алты адам зардап шекті.

Олардың қатарында газ цехының 5 жұмысшысы мен кокс цехының жүргізушісі бар. Қазір үшеуі Теміртау қалалық орталық ауруханасында, ал қалғаны Мақажанов атындағы травмотология және ортопедия орталығының күйік бөлімінде жатыр. №1 газ құбырында болған апаттың себептері анықталуда.

Видади Джамаледдинов, облыстық травматология және ортопедия орталығы қабылдау бөлімінің меңгерушісі:

– Бір науқастың денесі 10 пайызға, тағы екеуі алты пайыздық күйік алды. Барлығында үшінші деңгейдегі қол күйігі. Қазір олардың күйлері тұрақты, дәрігерлер барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top