USD 326.17

EUR 402.05

РУБ 5.34

Астананың «Шанхай» базарында шыққан өрт сөндірілді

Астананың «Шанхай» базарында шыққан өрт сөндірілді

Еліміздің ордасы Астанадағы «Биг Шанхай» базарында өрт шықты.

Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, қойманың шатыры мен  құрылыс заттары отқа оранған. Оқыс оқиға жайында түскі 13:30-да дабыл қағылған. Лаулаған жалын жарты сағатта ауыздықталды. Оған 40 жұмысшы мен 10 техника тартылған. Өрт шарпыған аумақ 120 шаршы метр қамтиды. Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде