USD 325.75

EUR 382.61

РУБ 5.31

Павлодарда жолаушылар автобусы өртенді

  • 198
<span class=favorites>Павлодарда жолаушылар автобусы өртенді</span> kyrtag.kg

Павлодарда бүгін жолаушылар тасымалдайтын автобус өртенді.

Оқиға түс мезгілінде қаланың дәл орталық көшелерінің бірінде орын алды. №22 бағыттағы қоғамдық көлік Кутузов-Академик Шөкин көшелерінің қиылысында отқа оранған. Зардап шеккендер жоқ. Автобустың ішінде болған жолаушылар дер кезінде сыртқа шығып үлгерген.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, өрттің шығуына көлік қозғалтқышындағы ақау себеп болған. Алты шаршы метр аумаққа тараған қызыл жалынды өшіруге екі өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан оннан астам маман жұмылдырылды.

Өрттенген көлік автобус паркіне жеткізілді. Оқиғаның нақты себептері анықталатын болады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде