369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралдықтар Денис Теннің қазасына байланысты еске алу акциясын өткізді

  • 240
  • UPD: 15:46, 20.07.2018

Әлемге әйгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қайғылы қазасына байланысты оралдықтар да еске алу акциясын өткізді.

Мұз айдыны спорт сарайының алдына жиналған жүздеген шаһар тұрғыны бір минут үнсіздіктен соң, гүл шоқтарын қойды. Сөз алғандар марқұмның қазақ спортына сіңірген еңбегіне ерекше тоқталып, Денис Теннің 2016 жылы Оралға келгендегі туралы естелікпен бөлісті. 

Күміс Әбутәлі, жас мәнерлеп сырғанаушы:

– Денис Тенді өте жақсы көремін. Одан үлгі алғым келеді. Мен оны көзіммен көргенде, қатты қобалжыдым, алдында сөйлей алмадым. Кеше ата-анам айтқанда, сенген жоқпын. Түні бойы мұңайып, ұйықтай алмадым.

Ерболат Байбатыров, самбодан әлемнің төрт дүркін чемпионы:

– Біз үшін төбемізден тас түскендей жайт болды. Естігенде, сенбедік. Одан кейін көзіміз жетті. Қазақстанның атын әлемге шығарып еді. Қазіргі уақытта барлық қазақстандықтарға, жанкүйерлеріне өзімнің атымнан қайғырып, көңіл айтамын.

Хабар 24 телеарнасы