Денис Теннің Ұлыбританиядағы табынушылары спортшыны еске алды - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Денис Теннің Ұлыбританиядағы табынушылары спортшыны еске алды

Денис Теннің Ұлыбританиядағы табынушылары спортшыны еске алды

Денис Теннің британиялық табынушыларын да қайғы қажытып отыр.

Олар Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігіне хат жазып, көңіл білдіруде.

«Ол керемет мәнерлеп сырғанаушысы және жақсы жас жігіт болды. Оны ел сүйді және өнеріне қайран қалды. Денистің отбасына және қазақстандық достарына қайғырып, көңіл айтамын».

Бұл – британиялық Гэбриел Бойстың хатынан үзінді. Қазақстандық студенттер де тысқары қалмады. Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі жанынан Денисті еске алуға арналған бұрыш ұйымдастырды. Қазақстандықтар, оның ішінде балалар да гүл шоқтарын әкеліп, шырақ жақты, чемпионға деген құрметтерін көрсетті.

Руслан Әзілханов, студент:

– Біз барша Ұлыбританиядағы қазақстандық студенттер Денис Теннің қайтыс болғанын естігелі, қабырғамыз қайысып жатыр. Әрине, мұндай әйгілі спортшының дүниеден өтуі өте ауыр. Сондықтан бүкіл қазақстандықтарға әсіресе ата-анасына көңіл білдіріп, Денис Тен мәңгі есімізде болатындығын, мәңгі жүрегімізде қалатындығын айтқымыз келеді.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде