369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейдегі автобус өрті кезінде отандасымыз адамдарды ажалдан құтқарды

  • 162
Ресейдегі автобус өрті кезінде отандасымыз адамдарды ажалдан құтқарды

Қазақстандық Ержан Әмірханов жанып жатқан автобустан 50-ге жуық жолаушыны құтқарды.

Бұл туралы ҚазАқпарат «Вести» сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Басылымның жазуына қарағанда Семейден Новосибирск қаласына кетіп бара жатқан автобуста өрт шыққан. Осы кезде автобуста отырған қазақстандық грек-рим күресінен жаттықтырушы Әмірханов автобус есігін бұзып ашып, жолаушыларды жанып жатқан автобустан шығарған. Құтқарғандардың ішінде балалар да болған. Жолаушыларды құтқарып жүрген кезде Ержан Әмірхановтың құжаттары мен ақшасы өртеніп кеткен. Қазақстандық Ресейге көлік сатып алу үшін бара жатқан. Миграция басқармасы қызметкерлері қазақстандық батырға анықтама беріп, жеке құжатын қалпына келтіру үшін жедел көмек көрсеткен. Тасымалдаушы фирманың директоры Әмірхановтың өтемақы алғанын және өздеріне шағым жасамағанын айтты. Автобуста өрттің неден шыққаны белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы