363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында балық аулаған браконьерлер қолға түсті

  • 149

Бірінші қыркүйектен бастап Каспий теңізінде күзгі балық аулау маусымы басталады. Ал Жайық және Қиғаш өзендерінде науқан басталып кетті.

Облыс бойынша 20 өндірістік кооператив жұмысқа қауырт кірісті. Осыған байланысты балық қорғау иннспекциясы бақылау-қадағалау жұмыстарын күшейтті. Дегенмен, браконьерлер де айылын жияр емес. Өндірістік кооператив балықшыларымен ілесіп, олар да заңсыз әрекетін жүзеге асырып қалғысы келеді. Кезекті рейдттік тексеру шарасы кезінде 4 азамат қолға түсті. Олардан жарты тоннадан астам балық тәркіленіп, қылмыстық іс қозғалды. Оған қоса мемлекет пайдасына 2 млн теңгеге жуық айыппұл төлеуі тиіс.

Арман Молдашев, аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы басшысының орынбасары:

- Соңғы аптада браконьерлік бойынша 2 факт тіркелді. Бірінші фактіде екі азамат теңізде қайығымен ұсталып, 350 кг қара балық шықты. Екінші факті бойынша 181 кг балық шығып қазіргі уақытта жиналған құжаттардың барлығы ІІД полиция қызметкерлеріне жолданды. Қазір ҚР ҚК 335-бабымен браконьерлік бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы