359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде кассирді 4500 теңге үшін өлтіріп кете жаздады

  • 92
Өскеменде кассирді 4500 теңге үшін өлтіріп кете жаздады Questolog

Оқиға қаладағы букмер кеңселерінің бірінде болған.

Қаладағы букмер кеңеселелерінің біріне белгісіз ер адам қарақшылық шабуыл жасап, кассирді өлтіріп кете жаздады, деп хабарлайды Алтайньюс. Қарақшының сондағы олжасы 4500 теңге болған.

Қарақшы бет-жүзін жейдесімен жасырып кіреді. Бұл кезде ғимаратта 25 жастағы кассир-оператор ғана болған. Кассаның жанында жатқан 4500 теңгені байқап қалған ер адам қалтасынан пышақ алып шығады. Кассирді суық қарумен қорқытып, ақшасын тартып алып кетіпті. Әлгі 4500 теңге жәбірленушінің өзінің жеке қаражаты екен.

ШҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша бейнебақылау камераларындағы жазба арқылы қарақшының кім екені анықталып отыр. Ол бұрын сотты болған 26 жастағы Семей тұрғыны болып шықты.

Хабар 24 телеарнасы