352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы музыка фестивалінде адамдардың үстіне сахна құлады

  • 166

Алматыда «Gakku Дауысы» музыкалық фестивалі өтіп жатқан кезде адамның көптігінен сахна конструкциясы көрермендердің үстіне құлап кеткен.

Бірақ бұл ақпаратты қалалық төтенше жағдайлар басқармасы жоққа шығарып отыр. Мамандардың айтуынша, оқиға Астана алаңында болған. Кешкі сағат 5-тер шамасында сахна құрылымының қисайып, бұны көрген адамдар үрейленіп, қаша жөнелген. Соның салдарынан 4 бала зардап шекті. Жедел жәрдем дәрігерлері оларды тексеріп, ауруханаға жатқызу қажеттілігі жоқ екенін мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы