USD 329.97 EUR 388.07 РУБ 5.6

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Үкіметте АӨК даму карталарын қаржыландыру мәселесі талқыланды

  • 77
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Үкіметте АӨК даму карталарын қаржыландыру мәселесі талқыланды

Елімізде агроөнеркәсіптік кешеніндегі проблемаларды шешуге арналған 12 карта әзірленді.

Олардың іске асыру тетіктері мен қаржы көздері бүгін Үкіметте талқыланды. Картадағы іс-шараларға жалпы 224 миллиард теңге қаржы қаралған.

Қазақстанда ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін 400-ден аса кәсіпорын бар. Шикізат өңдеудің өнімсіздігінен сала жыл сайын қомақты қаржыдан қағылып отыр. Бүгін министрлік ұсынған агродаму картасы бойынша ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін 79 зауыт жаңадан бой көтеретін болды. Жалпы саланы қаржыландыру түбегейлі өзгермек. Осы уақытқа дейін беріліп келген субсидиялар жеңіл несиемен алмастырылады.

Қайрат Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірінші орынбасары:

Субсидияның 65 түрі болған. Бүгінде соның 11-і алынып тасталды. 2018 жылы бюджетте салаға берілетін субсидия көлемі 224 млрд теңге. Қазір қай субсидияның тиімсіз екенін анықтап жатырмыз, субсидиядан қолжетімді несиелеуге кезең-кезеңмен көшеміз.

Атап айтқанда, құзырлы министрлік ауыл шаруашылығы кооперациясы мен аграрлық қайта өңдеу және ауыл шаруашылығын техникалық қайта жарақтандыру картасын жасақтаған. Сондай-ақ тұқым шаруашылығы мен фитосанитарлық іс-шаралардың тиімділігін арттыру, агрохимия, жем-шөп өндірісі және қой шаруашылығын дамыту карталары да әзірленді. Онда аталған салаларды дамыту бойынша кезең-кезеңімен нақты шаралар көзделген.

Иван Сауэр, «Атамекен» ҰКП Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы:

– Ауыл шаруашылығы министрлігі аз уақыт аралығында өте күрделі және өзекті шаруаны бітіргенін айта кеткен жөн. Әр мәселе тыңғылықты сарапталып, соның нәтижесі бойынша шешімдер қабылданды. Енді жаңа бастамаларды тиімді жүзеге асыру қалды.

Ең басты шаралардың бірі техника алу тетігін жетілдіру. Өйткені трактор мен комбайндардың 20% жұмыс істемейді, 26%-ын мүлдем есептен шығарып тастау керек. Ал жыл сайын сырттан тасмалданатын техниканың жалпы құны 60 млн долларды құрайды. Сондықтан бұдан былай субсидия шаруаларға емес, ауылшаруашылық техникасын шығаратын зауыттарға берілмек.

Авторлары: Аслан Қаженов, Марат Диханбаев, 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top