356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Түркі тілдес елдердің ынтымақтастық кеңесіне мүше болуының маңызы зор

  • 111

Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастық Кеңесінің ауқымы кеңейді. Бұл Кеңеске мүше бүкіл ел үшін экономика, инфрақұрылым мен мәдениетті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Қырғыз сарапшыларының пікірінше, Өзбекстанның осы қауымдастыққа қосылу ниеті ұйым жұмысына жаңа серпін бермек. 

Ортақ тарих, мәдениет, тіл. Бірлесу осыдан басталған еді. Ал енді түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастық Кеңесіне мүше елдер экономикасын дамытып, сауда мен мәдени байланыстарын нығайтуға білек сыбана кірісті. Сол себептен Қырғызстанда осы одаққа үлкен көңіл бөлінеді.

Жолбор Жоробеков, тарих ғылымдарының докторы:

- Бүкіләлемдік және аймақтық саясат жаһандануға ұмтылыс пен маңызды іс-шараларға қатысуды білдіреді. Мұны Мирзиёев те, Жээнбеков те жақсы біледі, президент Назарбаев та осыны үнемі қайталап жүр. Сондықтан аймағымыздағы елдер үшін түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастық Кеңесіне мүше болудың маңызы зор.

Өзбекстан да осы үрдістен шет қалғысы келмейді. Бұл елдің күшті экономикасы, дамыған инфрақұрылымы мен зор туристік әлеуеті бар. Ресми Ташкенттің түркі тілдес мемлекеттер интеграциясына қатысу ниеті осы ұйымның күш-қуатын арттыратыны анық.

Марат Қазақпаев, аналитикалық коммуникациялар орталығының директоры:

- Әрине осы ынтасын бүкіл елдердің басшылары қолдап отыр. Бұл Өзбекстанның сыртқы саясаты күрт өзгергенін көрсетеді.

 «Заманауи Жібек жолы» туристік жобасына белсенді қатысушы елдер Түркия, Қазақстан, Әзербайжан мен Қырғызстан. Сарапшылар Өзбекстан қосылғаннан кейін бұл жобаның ауқымы мен салмағы артады деген қорытындыға келді. Ал көрші елдің бірлесуге ықыласы әсіресе Қырғызстан үшін маңызды. Бұл екі жақты қатынастарды нығайтып, Қырғызстан сыртқы саясатында тағы бір одақтасқа ие болады.

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы