352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзбекстан шекара бекетінің санын арттырады

  • 141

Елімізбен қоңсы қонған Өзбекстан соңғы жылдары сыртқы саясаттағы ұстанымын өзгертті.

Ресми Ташкент шекарадағы өткізу бекеттерін жаңартып, барыс-келіс арналарын барынша арттырып жатыр. Тәжікстанмен арадағы бұрын жабық тұрған бекеттерін ашуы сөзімізге дәлел. Ал ауылы аралас, қойы қоралас Қазақстанмен арасы қалай? Шекарада қордаланған мәселе бар ма? 

Қанат Жүнісбеков, тілші:

- Өзбекстан шекарасы Орталық Азиядағы бес бірдей ірі мемлекетпен шектеседі. Көрші елде шетел азаматтары мен жүк көліктерін қабылдайтын 20-ға жуық шекара пункті бар. Болашақта оны екі есеге дейін арттырмақ. Өйткені туристік потенциалы жоғары және инвестициялық ахуалы жақсарған Өзбекстанға соңғы уақытта келушілер саны артқан. 

Жалпы Өзбекстан Қазақстанның үш бірдей ірі облысымен іргелес жатыр. Екі ел арасында 6 бірдей шекаралық өткізу бекеті тәулік бойы жұмыс істейді. Оның төртеуі ауыр жүк көлкітеріне арналған. Үкіметаралық келісім негізінде «Жол картасы» жасалып қазір сол төрт бірдей өткізу пункті қайта құрылымдаудан өтіп жатыр. Құрылыс аяқталса тәулігіне шекара арқылы арлы-берлі 400-ге жуық ауыр жүк көлігі еш  кедергісіз қатынайтын болады. Сонымен бірге «Гишт-Куприк» яғни «Жібек Жолы» өткізу пункті де кеңейтіліп жатыр. Өйткені жаяу жүргіншілер мен жеңіл көлік нөпірі   еселеп артып кеткен. Өзбекстан тарапы жұрт сағаттап кезекке тұрмас үшін шекара бекетінде қосымша бірнеше өткізу орындарын ашты. Шекарадағы құрылымдау жұмыстары аяқталса Өзбекстан тәулігіне бір бекеттен 40 мыңға дейін адам қабылдамақ. Осындай іс-шаралар өзге де елдермен шекаралық өткізу бекеттерінде де жүргізу жоспарланған, дейді кеденшілер.

Рустам Кабулов, кедендік бақылау департаментінің бастығы:

- Елдер арасындағы қатынастар жаңа деңгейге жетті. Соның негізінде екі ел басшылары тауар айналымын жақсарту бойынша алдымызға нақты міндет қойды. Оған қоса Өзбекстанның инвестициялық климаты да өте қарқынды дамып келеді. Келіп жатқан инвестиция ағымы ауқымды. Талдау көрсеткендей, өткен жылмен салыстырғанда Қазақстан мен Өзбекстан арасында орналасқан бақылау бекеті арқылы  жүк тасымалы 61 пайызға артқан.

Қанат Жүнісбеков, тілші:

- Өзбекстандық кеденшілердің келтірген мәліметіне жүгінсек, 7 айда 122 мыңнан астам транзиттік ауыр жүк көлігі шекара асыпты. Бауырлас елдер арасындағы экономикалық байланыстың жақсарып, барыс-келістің артуы Ұлы жібек жолы бойындағы өзге елдердің де экономиканың дамуына негіз болып отыр екен.  

Авторлары: Қанат Жүнісбеков, Зафар Халилов

Хабар 24 телеарнасы