USD 340.35 EUR 403.80 РУБ 5.84

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


WBC Головкин мен «Канело» кездесуіне арнайы белбеу жасады

  • 1373
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
WBC Головкин мен «Канело» кездесуіне арнайы белбеу жасады vesti.kz

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (49-1-1, 34 КО) арасында өтетін кездесуге арнайы белбеу жасап шығарды.

Авторлар белбеуді жасап шығаруға 300 сағаттай уақыт жұмсаған. Онда Қазақстан мен Мексиканың тулары белгіленген.

Еске салайық, бұл жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Кездесуде Головкин барлық белбеуін ортаға салса, «Канело» The Ring журналының чемпиондық атағын сарапқа салады.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top