USD 327.42

EUR 383.90

РУБ 5.31

Barcelona өз алаңында «Ювентусты» жеңді

Barcelona өз алаңында «Ювентусты» жеңді

Каталониялық «Барселона» кеше өз алаңында «Ювентусты» 3:0 есебімен ұтты.

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің бірінші турындағы матч туриндіктер үшін сәтсіз өтті. Бірінші тайм аяқталар тұста Лионель Месси есеп ашып, командасын алға шығарды. Ал екінші таймда Иван Ракитич есепті еселеп, Буффон қорғаған қақпадан саңлау тапты. Ойынның соңына таман аргентиналық шабуылшы Месси үшінші голды салып, қорытынды нәтижені тіркеді.  

Массимилиано Аллегри, «Ювентус» командасының бас бапкері: 

- Біздің футболшылар ойынды жақсы бастап еді, кейіннен қателіктер жасай бастады. Сонымен бірге, өзімізде болған мүмкіндіктерді голға айналдыра алмадық. «Барсада» Неймар болмағанымен Дембеле бар. Каталондық команда «Реал» екеуі әлемдегі ең мықты клубтар екенін мойындауымыз керек.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде