USD 340.71 EUR 404.90 РУБ 5.90

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Алматыда жеңіл атлеттерге арналған жаңа стадион ашылды

  • 71
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Алматыда жеңіл атлеттерге арналған жаңа стадион ашылды

Жалпы аумағы 39 мың шаршы метр жерді алып жатқан алаңда бұл спорттың  бірнеше түрімен айналысуға болады. Сондай-ақ әртүрлі жарыстар өткізуге мүмкіндік бар.

«Алматы Арена» спорт сарайының маңында орналасқан стадионның ашылуына ел спортының саңлақтары және қала әкімі Бауыржан Байбек қатысты. Жеңіл атлеттерге арналған спорттық нысан ашық аспан астында демесеңіз, мұнда ірілі-ұсақты жарыстарды өткізуге барлық мүмкіндік бар. «Егер Халықаралық жеңіл атлетика қауымдастығы бұл стадионды әлемдік стандартқа сай деп тапса, болашақта халықаралық турнирлерді де ұйымдастыруға болады», дейді мамандар.

Мұхит Әзербаев, қалалық жеңіл атлетика федерациясының президенті:

– Бұл жерде барлық мүмкіндік бар. Мысалы, жүгіруге арнайы жолдар, секіретін құм, найза лақтыру, диск лақтыру, сырықпен секіру т.б. спорт түрлерімен айналысу үшін барлық жағдай бар.

Жаңа стадионда қызмет көрсетуге лайықты болу үшін және өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында төрт бірдей көліктердің кіретін жолы қарастырылған. Мұнымен қатар жаяу жүргіншілерге арналған есіктер және 300 адамға арналған орын бар. Жасанды футбол алаңы және жеңіл атлеттерге арналған жүгіру төсеніштері арнайы Польшадан әкелінген.

Әмин Тұяқов, ардагер спортшы:

– Бұл жеңіл атлетиканның аты жеңіл болғанымен, ауыр нәрсе. Ол үшін еңбек ету керек, тер төгу керек. Жеңіл атлетикамен тек қана үлкен спорт үшін ғана емес, өзінің денсаулығы үшін айналысу пайдалы нәрсе.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бой көтерген нысанның бас мердігері стадион кілтін шаһар басшысына табыс етті. Бауыржан Байбек өз кезегінде кілтті даңқты желаяқ Әмин Тұяқовқа ұсынды. Ақмышта туып, АҚШ-та озған ағамыздың жолын жас ұрпаққа берсін.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Валентин Лобанов

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top