USD 332.21 EUR 388.95 РУБ 5.61

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Лас-Вегаста Головкин мен Альварес көз арбасты

  • 137
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Лас-Вегаста Головкин мен Альварес көз арбасты

16 қыркүйек күні Лас-Вегаста күш сынасатын Геннадий Головкин мен Сауль Альварес көз арбасу рәсімін өткізді.

Кәсіпқой бокстың шартына сай қарсыластар кездесу алдында осылай тайталасады. Спортшылардың табысы да белгілі болды. Головкин де, Альварес те кемі 15 млн АҚШ долларын қалтаға салады. Сонымен қатар телекөрсетілімдерден түскен қаржыдан үлес алады. «Канело» көбірек қамтиды. Тілшілердің бірі Геннадийден: «осынша көп қаржыны қайда жұмсайсыз деп сұрап үлгеріпті. Боксшы «әзірге білмеймін» деп қысқа қайырған.

Төрт бірдей тұжырым бойынша әлем чемпионы саналатын Головкин өзінің жеңісіне сенімді. «Жекпе-жектен кейін алтын белдіктерді қайтадан үйге әкетуді ойлаймын. Бұл – тарихи кездесу. Әлем көз тіккен сайыс. Жұрттың айызы қанатын бокс кеші болады», дейді қазақстандық былғары қолғап шебері. Жекпе-жек уақыт айырмашылығына байланысты Қазақстанда 17 қыркүйекте сағат 06:00-де басталады.

Геннадий Головкин, кәсіпқой боксшы:

- Бұл біз үшін де, жалпы бокс үшін де керемет шайқас. Тіпті нағыз бәсеке деп те айтар едім. Бұл тарихи жекпе-жек. Және соңғы кездесуіміз емес. Алғашқы бәсеке. Маған бәрі ұнайды. Осындай жағдай. Жұрттың мән беруі. Бәрі де ұнайды. «Канелоға» да ұнайтын шығар.

Сауль Альварес, кәсіпқой боксшы: 

- Мені жақсы білесің, көп сөйлегенді ұнатпаймын. Қысқа қайырайын. Мен дайынмын. Түсінемін, кескілескен ұрыс жүреді. Менің жекпе-жегімді үлгі тұтсаң деймін. Сенбіде жолыққанша.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top