USD 334.80 EUR 394.47 РУБ 5.80

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Қанат Ислам WBO рейтингінде үздік үштікке енді

  • 189
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Қанат Ислам WBO рейтингінде үздік үштікке енді vesti.kz

Астанада жекпе-жек өткізіп, қарсыласын нокаутпен жеңген қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) Бүкіләлемдік бокс федерациясының (WBO) жаңартылған рейтингінде төрт сатыға жоғарылап, үздік үштікке енді.

Еске сала кетейік, бірінші орта салмақта жұдырықтасатын Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін Астана қаласында Брэндон Кукке қарсы өткізіп, 9-шы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Сөйтіп отандасымыз бірінші орта салмақтағы WBO, NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерін қорғап қалды. Бұл көрсеткіш Қанат Исламға BoxRec рейтінгінде 12-орынға көтерілуге мүмкінді берді. Кук қазақстандық боксшымен кездеспей тұрып, одан бірнеше саты жоғары тұрған еді. Ол 22 позицияға төмендеп, қазіргі уақытта 43-орынға түсіп қалды.

Жаңартылған WBO рейтингінде Ислам үшінші орында тұр. Сегізінші орыннан бірінші орынға ресейлік Магомед Курбанов көтерілді. Ол – WBO International белбеуінің иегері. Екінші орында ұлыбританиялық боксшы Лиам Уильямс, ал бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша чемпионы – пуэрторикалық боксшы Мигель Котто.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top