USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Зульфия Ғабидуллина Мексикадағы әлем чемпионатынан алтын алды

  • 318
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (1 Vote)
<span class=favorites>Зульфия Ғабидуллина Мексикадағы әлем чемпионатынан алтын алды</span> Фото: kaz.vesti.kz

Мехикода мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған спорт фестивалі өтіп жатыр.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Онда жиынға қатысушылар суда жүзу мен ауыр атлетикадан өнер көрсетуде. Осы жарыста 50 метр қашықтыққа еркін стильде жүзген қазақстандық спортшы Зульфия Ғабидуллина алтын медальді жеңіп алды.

Ол 50 метр қашықтықты 42.87 секундта жүзіп өтіп, грециялық Александру Стаматопулуды (+2.92) және италиялық Патрисию Валлені (+12.75) артта қалдырды. 

Сәрсенбі күні Қазақстанға күміс пен қола медальді Әнуар Ахметов пен Андрей Афанасьев алып берді. Олар 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзді. Қазақстандықтар Беларусь елінің спортшысы Владимир Изотовқа жол берді.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top