«Астана» – «Спортинг» футбол матчының жанкүйерлері үшін автобустар бөлінеді - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,39

EUR 409,95

РУБ 5.43

«Астана» – «Спортинг» футбол матчының жанкүйерлері үшін автобустар бөлінеді

  • 265
«Астана» – «Спортинг» футбол матчының жанкүйерлері үшін автобустар бөлінеді Sports.kz

15 ақпанда өтетін «Астана» – «Спортинг» командалары арасындағы футбол матчының жанкүйерлерін көлікпен қамтамасыз ету мақсатында «Астана Арена» стадионына дейін арнайы автобустар ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Арнайы бөлінген автобустар футбол матчының көрермендерін сағат 20:00-ден 21:30-ге дейін «Қазақстан» СК, «Нұр Астана» мешіті, «Жастар» сарайы», «Астаналық цирк» тұрақтарынан жинайтын болады.

«Арнайы автобустарда жүру ақысы – 90 теңге. Жүру билеттері мен жеңілдігі бар билеттер жарамсыз.

Ал қалаға дейін жүретін арнайы автобустар жанкүйерлерді сағат 23.00-ден бастап Қабанбай батыр даңғылындағы стадионның тұрағы мен «Астана Арена стадионы» аялдамасында күтетін болады. Сондай-ақ қалаға №10, 12, 28, 37, 40, 51, 53, 60, 303 қоғамдық көліктерімен жетуге болады», – делінген хабарламада.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде